Александр Бублик жұптық сында Мадрид турнирінің екінші айналымына шықты

26.04.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстандық спортшы аустралиялық Марк Полманспен бірге алғашқы айналымда бразилиялықтар Орландо Луж – Рафаэль Матосқа қарсы келді. 

Бублик – Полманс матчты сәтті бастады – 6:3. Екінші сетте бразилиялық жұп тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (7:4).

Супер тай-брейкте қазақстандық-аустралиялық дуэт жеңісті жұлып алды – 10:6. Бір сағат 33 минутқа созылған бәсекеде екеуі 6 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. 

Александр Бублик – Марк Полманс ширек финалға шығу үшін сальвадорлық Марсело Аревало – хорватиялық Мате Павичпен таласады. 

Әлемнің 11-ракеткасы А.Бубликтің Мадрид кортында жекелей сындағы жолы сәтті болған жоқ.

Қазақстандық спортшы екінші айналымда әлемнің 80-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципастан жеңіліп қалды – 2:6, 5:7.

Тағы бір қазақстандық теннисші, әлемнің 300-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Цзюцзян (Қытай) челленджер турнирі іріктеу сайысының жартылай финалында рейтингіде 552-орындағы жапониялық Юсуке Такахасиге жол берді – 6:7 (7:9), 7:6 (7:4), 2:6. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 15 жасар Аңсар Ниетқалиевтің Қытайдағы турнирдің финалына дейін жеткенін жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Жібек Құламбаева Қытайдағы челленджер жарысын жеңіспен бастады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью