Александр Шевченко Франциядағы жарыста екі кездесуін сәтті өткізді

13.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алдымен корт иесі, рейтингіде 198-орындағы франциялық Клеман Шидехті 6:4, 7:6 (8:6) есебімен ұтты. 

А.Шевченко екінші айналымда рейтингіде 170-сатыдағы эстониялық Даниил Глинкамен шеберлік байқасты. 

Екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде қазақстандық спортшы таразы басын өзіне аудара алды — 6:3, 6:7 (7:9), 6:1.

Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 282-ракеткасы, германиялық Генри Сквайрмен таласады. 

Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов алғашқы айналымда 2 сағат 55 минутқа созылған матчта франциялық Артур Букьеге есе жіберді — 6:4, 4:6, 6:7 (5:7).

Ал Михаил Кукушкин франциялық Бенджамин Бонзидан ұтылып қалды — 7:5, 6:7 (3:7), 6:7 (3:7). Бұл бәсеке 3 сағат 17 минутта аяқталды.

Аталмыш жарыстың жүлде қоры 203,9 мың еуроға бағаланған. Жеңімпаз 30 460 еуроға қоса 125 рейтингілік ұпайға ие болады.

Қазіргі кезде А.Шевченко ATP Live рейтингісінде 79-орынға көтеріліп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Доха турнирінің жартылай финалында ойнайтынын жазған едік. 

Елена Рыбакинаның жеңіс сериясы Доха турнирінде тоқтады.

Александр Бублик алғаш рет Роттердам турнирінің ширек финалына шықты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью