Александр Шевченко Майами мастерс турнирінің екінші айналымына шықты

21.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингіде 101-орында тұрған италиялық Маттео Арнальдимен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін екі рет кездесіп, онда Арнальди жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Шевченко басымдылық танытты — 7:6 (7:5).

Екіншісінде Арнальди дәл сондай есеппен есе қайырды — 7:6 (7:5).

Шешуші, үшінші сетті қазақстандық спортшы өз пайдасына жазды — 6:2.

Екі сағат 32 минутқа созылған тартысты бәсекеде Шевченко 8 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Арнальди 8 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Шевченко үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, америкалық Бен Шелтонмен таласады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик екінші айналымда күтпеген жерден рейтингіде 68-сатыдағы италиялық Маттео Берреттиниден ұтылып қалды — 4:6, 4:6.

Бір сағат 28 минутта аяқталған бұл кездесуде Бублик 5 эйс жасағанымен, 6 брейк-пойнттан түк шығара алмады. Берреттини 17 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) ерекшеленді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Майами мастерс турнирінде Путинцеваның Рыбакинамен ойнайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Әмір Омарханов Тунистегі жарыстың жартылай финалына жолдама алды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью