Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының жартылай финалында әлемнің 130-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриноға қарсы келді. Бірінші партияда 4 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланып үлгерген Шевченко бет қаратпады – 6:0. Бұдан кейін А.Пеллегрино матчты жалғастырудан бас тартты.
Александр Шевченко іріктеу сайысының финалында әлемнің 80-ракеткасы, испаниялық Роберто Баутиста-Агутпен ойнайды. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик 5-12 сәуір аралығында өтетін Монте-Карло мастерс жарысын екінші айналымнан бастайды. А.Бублик әлемнің 30-ракеткасы, нидерландылық Таллон Грикспор немесе рейтингіде 203-орындағы франциялық Гаэль Монфистің қай жеңгенімен кездеседі.
А.Бублик ширек финалға шыққан жағдайда әлемнің 1-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькараспен ойнайды.
Аталмыш турнирдің жүлде қоры 6,3 млн еуродан асады. Жеңімпаз 1 мың рейтингілік ұпайға қоса 974 мың 370 еуро көлемінде табыс табады. Өткен жылы мұнда К.Алькарас үздік шыққан еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Үндістандағы тағы бір турнирде топ жарғанын жазған болатынбыз.