Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
2026 жылғы 10 наурызда көрнекті композитор Александр Зацепин 100 жасқа толды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Оның әуендері «Кавказ тұтқыны», «Ы операциясы», «Гауһар қол» секілді әйгілі фильмдерде, сондай-ақ басқа да кинокартиналарда шырқалды. Оның әндерін бірнеше буын ұрпақ тыңдап өсті.
Өткен ғасырдың 50-жылдарының басында композитор Алматы мемлекеттік консерваториясында (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) білім алып, белгілі композитор Евгений Брусиловскийдің жетекшілігімен композиция мамандығын меңгерді. Дәл осы кезеңде оның «Қазақфильм» киностудиясымен шығармашылық байланысы басталып, сонда «Біздің сүйікті дәрігер» фильміне музыка жазды.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры кітапханаларының қорларында Александр Зацепиннің қолжазбалары мен дипломдық жұмысы сақтаулы.
Бүгінде маэстро шығармашылық қызметін жалғастырып, тыңдармандарын әлі де қуантып келеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.