Алексей Луценко Қазақстан қожынына Азия ойындарының екінші алтынын салды

20.09.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 20 қыркүйек-Sputnik. Алексей Луценко Айти–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының екінші алтын медалін жеңіп алды.

Алексей Луценко үшін бұл — мансабындағы төртінші Азия ойындары, ал құрлықтың басты додасында жеңіп алған бесінші алтын медалі. Жарыс нәтижелері:

Алексей Луценко — 41:24.05;

Шунсукэ Имамура — 42:58.04;

Сайнбаяр Джамбальямц — 42:58.06.

Бұған дейін отандасымыз 2014, 2018 және 2023 жылдардағы Азия ойындарында да чемпион атанған.

Алексей Луценко сондай-ақ 2017 жылғы Азия чемпионы және 2012 жылғы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионы.

Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Айти–Нагояда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтіп жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью