Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фото: championat.com
АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы «SoFi Stadium» аренасында өткен матчқа аргентиналық Дарио Эррера төрелік етті.
Ойынның 25-минутында ирандық шабуылшы Мехди Тареми есеп ашқанымен, VAR жүйесінің тексерісінен кейін гол есепке алынбады.
67-минутта бельгиялық қорғаушы Натан Нгой қызыл қағаз алып, командасын он ойыншымен қалдырды. Алайда Иран сан басымдығын пайдалана алмай, матчта есеп ашылмады.
Әлем чемпионатындағы ерекше жанкүйер: матч бойы бір қалыпта тұратын Лумумба кім?
Екі турдан кейін Бельгия мен Иран қоржынын екі ұпаймен толықтырды. Ал Египет Жаңа Зеландияны 3:1 есебімен жеңіп, топта әзірге 4 ұпаймен көш бастап тұр. Жаңа Зеландия қос турда жалғыз ұпайды місе тұтты.
Еске сала кетейік, үшінші турда Бельгия Жаңа Зеландиямен кездессе, Иран Мысыр құрамасымен күш сынасады. Екі матч та 27 маусым сағат 06:00-ге жоспарланған.