Әлем чемпионаты: Бүгін 1/16 финалдағы соңғы үш жолдама сарапқа салынады

03.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Австралия мен Мысыр құрамасы арасындағы ойын 3 шілде, кешкі сағат 23:00-де басталады. 

Австралия құрамасы топтық кезеңде әдемі ойын өрнегін көрсетіп, плей-оффқа жолдама алды. Команда көбіне қорғанысқа сүйеніп, қарсы шабуылда өткір жүргізе алды.

Мысыр болса, турнирдегі тосын командалардың бірі атанып үлгерді. Африкалық ұжымның басты үміті тәжірибелі шабуылшы Мұхаммед Салах. Оның алаңға шығуы Мысырдың шабуылдағы мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Сарапшылар бұл жұпта фаворит ретінде Мысырды атп отыр. 

Плей-офф кезеңіндегі кездесулердің кестесі 

Аргентина мен Кабо-Верде. Біздің уақыт бойынша 4 шілде, таңғы 05:00 жасыл алаңға шығады. 

Әлемнің қазіргі чемпионы Аргентина топтық кезеңнен сенімді өтті. Лионель Месси бастаған команда шабуылда өте нәтижелі ойын көрсетіп келеді және турнирдің басты фавориттерінің бірі саналады.

Ал Кабо-Верде осы әлем чемпионатының ең үлкен сенсацияларының бірі. Әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отырған аралдық мемлекет тарихи жетістікке жетіп, плей-оффқа шықты. Егер Кабо-Верде Аргентинаны жеңсе, бұл турнирдегі ең ірі сенсациялардың бірі болмақ.

Колумбия мен Гана. 4 шілде күні сағат 08:30 ойынын бастайды. 

Колумбия құрамасы тәжірибелі ойыншыларға арқа сүйеп, допқа иелік ету стилімен ерекшеленеді. Команда шабуылда жылдам әрі комбинациялық футбол көрсетуге тырысады.

Гана болса, физикалық қуаты мен тәртіпті қорғанысымен көзге түсіп келеді. Африкалық команда қарсы шабуылда өте қауіпті. Мамандардың пікірінше, бұл жұптағы ойынның тағдыры бір ғана голмен немесе қосымша уақытта шешілуі мүмкін.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью