Әлем чемпионаты: Түркия АҚШ ты жеңіп, жарыс жолынан шығып қалды

26.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Фото: championat.com

АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай» стадионында өткен матчқа алжирлік төреші Мустафа Горбаль төрелік етті.

Есепті ойынның 3-минутында АҚШ қорғаушысы Остон Трасти ашты. Алайда араға жеті минут салып Арда Гүлер таразы басын теңестірді. Ал 31-минутта Оркун Көкчю мергендік танытып, Түркияны алға шығарды.

 Әлем чемпионатының үшінші турында қай құрамалар кездеседі?

Екінші таймның 49-минутында Себастьян Берхалтер есепті қайта теңестірді. Матчтың тағдыры қосымша уақыттың 8-минутында шешілді. Қорғаушы Каан Айхан гол соғып, Түркияға жеңіс сыйлады.

Алайда Түркия үш ұпаймен соңғы орынға тұрақтап, жарыс жолынан шығып қалды. Ал АҚШ құрамасы топта алты ұпай жинап, әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұл топта Аустралия құрамасы да үш кездесуде төрт ұпай жинап, плей-оффқа жолдама алды. Парагвай да төрт ұпай жинағанымен, голдар мен нәтижелі пастар саны бойынша үшінші орынға тұрақтады. Олар үшінші орын алған үздік 8 құрамның қатарына енсе, келесі кезеңге өтпек.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью