Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

05.07.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бүгінгі ойындарда Бразилия мен Норвегиямен, Мексика мен Англия сынға түседі. 

Доп додасы Қазақстан уақытымен 01:00 және 05:00-де басталады.

Кездесулерді Qazsport телеарнасы мен арнаның ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді.

Ойын күнінің алғашқы кездесуінде Бразилия құрамасы Норвегиямен күш сынасады. Екі команданың басты жұлдыздары – мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор мен «Манчестер Ситидің» сұрмергені Эрлинг Холанд.

Норвегия әлем чемпионатының тарихында төртінші рет қатысып отыр. Команданың ең үздік нәтижесі 1938 және 1998 жылдары 1/8 финалға дейін жеткен. 

Ал Бразилия соңғы екі әлем чемпионатында 2018 және 2022 жылдары ширек финалда жарыс жолынан шыққан.

Айта кетерлігі, бразилиялықтар Норвегияны әлі бірде-бір рет жеңген емес. Командалар 1988 және 2006 жылдары 1:1 есебімен тең түскен.

1997 жылы өткен жолдастық кездесуде Норвегия 4:2 есебімен жеңіске жетсе, араға бір жыл салып, 1998 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде скандинавиялықтар Бразилияны 2:1 есебімен тағы да ұтқан.

Бразилия – Норвегия матчы 6 шілде күні Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.

Екінші жұптағы кездесуде Мексика Англияны жеңсе, онда латынамерикалық команда 1970 және 1986 жылдардағы жетістігін қайталап, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алады.

Ал Англия құрамасы әдетте турнирдің шешуші кезеңдеріне дейін жеткенімен, қымбат ойыншыларына қарамастан жүлделі орындарға жиі іліге бермейді. Англия өз тарихында жалғыз рет, осыдан 60 жыл бұрын 1966 жылы әлем чемпионы атанған.

Бұл матч ағылшын шабуылшысы Харри Кейн үшін де маңызды. Қазір оның еншісінде бес гол бар. Егер Кейн тағы екі рет мергендік танытса, турнирдің үздік сұрмергендері Лионель Месси мен Килиан Мбаппені қуып жетеді.

Мексика – Англия кездесуі 6 шілде күні Қазақстан уақытымен 05:00-де басталады.

Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында ойнайтын командалар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью