Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бұл жөнінде Қазақстан хоккей федерациясы мәлім етті.
Отандастарымыз алғашқы оқу-жаттығу жиынын 17 сәуірге дейін Астана қаласында өткізді. Енді олар Беларуске аттанып, онда 26 сәуірге дейін дайындық жүргізді. Онда отандастарымыз жергілікті командалармен жолдастық кездесуде мұзайдынға шықты.
Енді олар Польшаға жол тартты. Онда Словениямен жолдастық кездесу өткізеді.
Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі — «Барыс», КХЛ), Владислав Нурек («Горняк», Рудный);
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр (барлығы — «Барыс» КХЛ), Тамирлан Гайтамиров, Артём Королёв, Бейбарыс Оразов, Кирилл Никитин (барлығы — «Номад», Астана), Фёдор Хорошев («Торпедо», Өскемен), Эдуард Михайлов («Сарыарқа», Қарағанды)
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Аңсар Шайхмедденов (барлығы — «Барыс», КХЛ), Артур Гатиятов, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Роман Старченко (барлығы — «Номад», Астана), Аркадий Шестаков («Адмирал», КХЛ);
Қазақстан құрамасының ойын кестесі
2 мамыр. Литва — Қазақстан
3 мамыр. Қазақстан — Жапония
5 мамыр. Қазақстан — Польша
7 мамыр. Украина — Қазақстан
8 мамыр. Қазақстан — Франция.
Аталған топта бірінші орын алған құрама 2027 жылы элиталық дивизионда бақ сынауға мүмкіндік алса, соңғы орынды місе тұтқан құрама В тобына түсіп қалады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан U18 құрамасы әлем чемпионатында екінші орын алды.