Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Фото: Global Look Press
Жанкүйерлер арасында «Лумумба» деген атпен танымал Мишельді матч кезінде бірден тануға болады. Себебі мыңдаған жанкүйер ән айтып, би билеп отырғанда, ол алаңға қарап, бір қалыпта қозғалмай тұрады.
Лумумба алғаш рет Африка кубогы кезінде кеңінен танылған. Ол әр ойында ұлттық құраманың киім түстеріне сәйкес киініп, оң қолын шынтақтан бүгіп жоғары көтеріп, эмоциясыз қалыпта тұруды әдетке айналдырған.
Мишельдің бұл бейнесі кездейсоқ емес. Оның стилі мен әйгілі тұрысы Конгоның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт қаһарманы Патрис Лумумбаға құрмет ретінде жасалған.
«Ол бізге еркіндік берді. Өмірін халықтың бостандығы үшін құрбан етті. Лумумба – біз үшін үлгі», дейді Мболадинга.
Жанкүйер матч бойы 90 минут, тіпті қосымша уақытта да бір қалыпта тұруы үшін арнайы дайындалады. Ол күн сайын осы бір жауапты сәт үшін 45-50 минут қозғалыссыз тұрып жаттығады.
Германия - Испания кездесулері: футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 21 маусымға арналған кестесі
Африка кубогындағы бір матчта Конго құрамасы жеңіліп қалған кезде «тас мүсін» Лумумба да эмоциясын жасыра алмаған. Ол көзілдірігін шешіп, көз жасына ерік берген.
Конго Демократиялық Республикасының футбол федерациясы жанкүйердің жанкештілігін бағалаған. Құрама футболшылары оны командаға рух береді деп санап, аттай қалап ресми жанкүйерлер делегациясына қостырған.
Бүгінде Мишель Кука Мболадинга әлем чемпионатының әр ойынында өз елі үшін жанын салып жанкүйерлік етіп келеді.
Еске сала кетейік, Конго ДР бұған дейін Португалия құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнап, өзара ұпай бөліскен болатын. 24 маусым сағат 07:00-де Конго Колумбия құрамасымен ойын өткізеді. 23 маусым сағат 22:00-де Португалия құрамасы Өзбекстан ұлттық құрамасымен кездеседі.