Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алматы тағы бір футбол мерекесінің орталығына айналды. Қала тұрғындары мен қонақтары Coca-Cola компаниясы ұйымдастырған жаһандық тур аясында футболдан Әлем чемпионатының Кубогын көруге мүмкіндік алды.
Футбол әлеміндегі ең бағалы тро-фейді, FIFA-ның ресми өкілдері мен әлемдік футбол аңызы, Марко Матерацци алып жүрді. Әсерлі шараның куәгері болған тілшімізге кезек берейік.
Салмағы 6 келіден асатын таза алтыннан жасалған футбол трофейі арнайы күзетпен Республика сарайына қойылды. Кубоктың жамылғысын FIFA-ның ресми өкілдері мен әлемдік футбол жұлдызы Марко Матерацци салтанатты түрде ашты.
Марко Матерацци, FIFA өкілі:
- Әлем кубогы – жай ғана алтын трофей емес, бұл футболдағы ең үлкен арман мен тарихтың символы. Мен бала кезімде әлем чемпионатын жеңуді армандайтынмын. 2006 жылы бұл арманым шындыққа айналды. Мен жас футболшыларға өздеріңе сеніңдер деп айтқым келеді. Мақсатың айқын болса шын мәнінде үлкен жеңістерге жетесіздер.
Түпнұсқа Кубок екі жағдайда ғана Цюрих қаласындағы FIFA мұражайынан шығарылады. Біріншісі - Coca-Cola ұйымдастыратын футболдан Әлем чемпионаты Кубогының жаһандық туры кезінде. Одан бөлек Кубок чемпионат кезінде жасыл алаңға жеткізіледі.
Серкан Дилек, Coca-Cola Kazakhstan Бас директоры:
- Ауқымды шара үшін Алматыны таңдағанымыз кездейсоқ емес. Бұл – біз үшін үлкен әрі маңызды нарық, мұнда кең аудитория мен мықты футбол мәдениеті бар. Біз Алматыда футболды қаншалықты жақсы көретінін көріп отырмыз және мұнда Coca-Cola брендінің миллиондаған жанкүйері бар. Сол себепті біз сопрт мерекесін жанкүйерлермен бірге бөлісу үшін әлем чемпионатының кубогын дәл осы жерге әкелдік.
FIFA Кубогының әлемдік туры 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында өтуде.Конец формы Маусым айына дейін Кубок алты құрлықтың 75-тен аса қаласын аралайды. Мәртебелі трофей бүгін Алматыдан Ташкент қаласына аттанды.
Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Әбен Нарымбаев