Әлем чемпионы Мәди Нәбиев референдумда өз таңдауын жасады

15.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Танымал спортшы саяси науқанға белсенді қатысып, тұрғындарды ел болашағына бейжай қарамай, дауыс беруге шақырды.

– Ел ертеңі үшін маңызды саяси науқанға қатысу баршамыздың міндетіміз деп білемін. Сондықтан да таңмен таласа тұрып, өзім тіркелген учаскеге алғашқылардың бірі болып келуге тырыстым. Өзге отандастарымды да саяси науқанға белсене қатысуға шақырамын, - деді әлем чемпионы.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Айта кетейік, Мәди Бәйділләұлы 2021 жылы Португалия елінің Лиссабон қаласында дзюдо күресінен 90 келі салмақта әлем чемпионы атанған. Сондай-ақ, 2017 жылы самбо күресінен әлем чемпионы болса, қазақ күресінен еліміздің бірнеше дүркін жеңімпазы атағын иемденген.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью