Әлем кубогінің жеңімпаздарын марапаттады

09.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Спортшыларды дүбірлі доданың аяқталуымен құттықтаған Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инклюзивті қоғам қалыптастыруға арналған бастамасының арқасында елімізде параспорт қарқын­ды дамып келе жатқанын атап өтті. Сон­дай-ақ ол боччадан әлем кубогінің Қазақстанда өтуі осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі екенін айтты.

«Кейінгі жылдары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда инклюзивті қоғам қалыптастыру жолында маңызды жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның нәтижесінде елімізде параспорт қарқынды дамып, қазақстандық параатлеттер халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Сонымен қатар Қазақстанда боччадан әлем кубогі сияқты халықаралық деңгейдегі жарыс­тар да ұйымдастырылып жатыр. Осы сайыста барлық спортшы чемпионға тән жоғары шеберлік пен кәсібиліктің биігінен көріне білді», деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Қазақстан бочча федерациясының президенті әлем кубогінің басты жетістігі жүлде ғана емес, жаңа достар табу және инклюзия мәдениеті мен спорттың адамдарды біріктіретін қасиетін дәріптеу екенін атап өтті. Ол Федерация атынан турнирдің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан ұйымдастырушыларға, еріктілерге, төрешілерге және World Boccia командасына алғыс білдірді.

«Боччадан әлем кубогінің не­гіз­гі құн­дылығы жүлделер мен нәтижелер­ден әлдеқайда ауқымды. Бұл жа­рыс достықтың, өзара құрметтің және спорт­тың әртүрлі елдер мен мәде­ниет­тер өкілдерін біріктіретін күшінің жар­қын символына айналды. Турнир боч­чаның жай ғана спорт емес екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл – асқақ рух­тың, тең мүмкіндіктердің және жеңіс жо­лындағы ерік-жігердің озық үлгісі. Коман­далар, спортшылар мен жаттық­тырушылар арасында орнаған достық ұзақ жылдарға жалғасып, жарысқа қатысушылардың жүрегінде Қазақстан туралы ең жылы естеліктер сақталады деп сенемін», деді Мәулен Әшімбаев.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық сайыста ВС1 санатында Индонезия құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарды тиісінше Португалия мен Корея құрамалары өзара бөлісті. ВС3 санатында Франция құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлдеге Италия спортшылары ие болса, Сингапур құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Ал ВС4 санатында Ұлыбритания құрамасы боччадан әлем кубогінің жеңімпазы атанды. Екінші орынды Қытай Халық Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданы иеленсе, үшінші орын Қытай Халық Республикасының құрамасына бұйырды.

Айта кетейік, Astana 2026 World Boccia Cup сайысы 1 маусымда бас­талды. Бұл халықаралық турнир ресми рейтингтік жарыстар жүйесінің қатарында және алдағы Паралимпиада ойындарына жолдама беретін маңызды іріктеу кезеңдерінің бірі саналады. Дүбірлі додаға Бразилия, Канада, Қытай, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Франция және Португалия бастаған көптеген елдің спортшылары қатысты. Бүгінде боччадан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 50-ге жуық параспортшы бар екенін де атап өткен жөн. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью