Әлем кубогында 23 сәуірде қазақстандық үш боксшы сайысқа түседі

23.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіліп жатыр.

Күндізгі сессия 

65 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Хуго Грау (Франция) 

51 келі. Алуа Балқыбекова - Златислава Чуканова (Болгария)

Кешкі сессия 

65 келі. Аида Әбікеева - Виктори Жилкова (Чехия).

Айта кетсек, Виктория Графеева (60 келі), Даниал Сәбит (50 келі), Диас Молжігітов, Фарух Тоқтасынов (70 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ел құрамасынан 22 сәуірде әлем чемпионатының жүлдегері Виктория Графеева 1/8 финалда Емили Рзаевамен (Әзербайжан) жолығып, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Ал Даниал Сәбит (50 келі) 1/8 финалда Мажарстан өкілі Иштван Шзаканы 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ ел құрамасынан Диас Молжігітов аустралиялық Марлон Севехонды 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалға өтті.

Ел құрамасынан Наталья Богданова (70 келі), Назым Қызайбай (54 келі) қарсыластарына есе жіберді.

Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00 -де және кешкі сессия 1:00-де басталады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью