Әлем кубогының финалына қай елден қанша боксшы шықты

26.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бүгін Бразилияда әлем кубогының шешуші күні жеңімпаздар анықталады. Беделді бәсекеге рекордтық 50 елден 400-ден астам боксшы қатысып жатыр. Енді бәсекенің ақтық сынына 19 елдің өкілі жолдама алды.

Бұл жөнінен Бразилия құрамасы 4 боксшымен көш бастап тұр.Одан кейінгі орындардағы Қазақстан мен Қытай 4, Әзербайжан 3, Норвегия, Мажарстан, Өзбекстан, Польша, Испания 2 үздігіне үміт артады.

Сондай-ақ финалда Аустралия, Армения, АҚШ, Сербия, Мексика, Франция, Марокко, Венесуэла, Жапония және Хорватия 1 боксшысына сенім білдіріп отыр.

Айта кетсек, бүгін күндізгі сессияда Виктория Графеева (60 келі) бразилиялық Ребекка Сантос, кешкі сессияда Аида Әбікеева (65 келі) өзбекстандық Навбахор Хамидова, Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі) бразилиялық Кауе Белини,Валерия Аксенова (81 келіден жоғары) мажарстандық София Зирамен шаршы алаңға шығады.

Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00 -де және кешкі сессия 1:00-де басталады.

Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіліп жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью