Әлем және Азия рекорды: Қазақстан стенд атудан Азия чемпионатында көш бастады

22.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Аталған жарыста Қазақстан ұлттық құрамасының 41 спортшысы бақ сынады. Чемпионат қорытындысы бойынша қазақстандық мергендер 14 медаль (5 алтын, 4 күміс, 5 қола) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.

Екінші орынды жарыс қожайыны Қатар құрамасы (8 медаль) иеленсе, үздік үштікті Кувейт спортшылары (7 медаль) түйіндеді.

Жарыс барысында қазақстандық спортшылар үш әлемдік және үш Азия рекордын жаңартты. Бұл көрсеткіштерге Эдуард Ещенко, Адель Садақбаева және Элеонора Ибрагимова қол жеткізді.

Алтын медальді Адель Садақбаева, Қазақстан әйелдер құрамасы (Адель Садақбаева, Ольга Хайлова, Әсем Орынбай), Қазақстан ерлер құрамасы (Максим Почивалов, Владислав Заводиленко, Артем Ревков), сондай-ақ әйелдер құрамасы (Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина, Наргиза Сарманова) мен ерлер құрамасы (Денис Кривенко, Антон Бельский, Егор Царев) жеңіп алды.

Күміс жүлдені Эдуард Ещенко, Максим Почивалов, Максим Бедарев және Элеонора Ибрагимова еншілесе, қола медаль Ольга Хайловаға, Қазақстан ерлер құрамасына (Ратмир Еникеев, Эдуард Ещенко, Илья Пеньков), Қазақстан аралас құрамасына (Эдуард Ещенко, Әсем Орынбай), Владислав Заводиленко мен Денис Кривенкоға бұйырды.

Осылайша, қазақстандық мергендер жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің стенд ату спортындағы әлеуетін дәлелдеп, Қазақстанды Азиядағы көшбасшы елдердің қатарына қосты.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының спорттық ату федерациясын ҚР Бас прокуроры Берік Асылов басқарады.

Еске салайық, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдағы турнирде төрт медаль жеңіп алды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью