Alem.ai орталығында Turk Heritage платформасы ашылады

28.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды цифрландыру жылы деп жариялаған болатын. Түркі әлемінде де бұл салаға ерекше көңіл бөлініп, қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шығарылып жатқан кітаптардың барлығы цифрлық форматта да дайындалады. Барлық құжаттар мен мәдени жәдігерлер цифрлық нұсқада қолжетімді болады.

– Түркі мұрасын дәріптеу тек кітап шығарумен шектелмейді. Ендігі мақсатымыз – тарихи және ғылыми еңбектерді ғылыми айналымға ғана емес, цифрлық кеңістікке де енгізу. Осы бағытта YouTube желісіндегі Turk Discovery арнасы жұмыс істеп тұр. Біздің халықаралық ұйымның міндеті – барша түркі елдерінің мәдениетін әлем деңгейінде насихаттау. Мысалы, бізде Culture KZ және e-Museum сияқты цифрлық сайттар бар. Сол жерде 100 мыңнан астам жәдігер цифрландырылған. Оның ішінде түрлі жәдігердің 3D форматта жасалған нұсқалары бар, – деді А. Райымқұлова Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасында.

Қор президентінің айтуынша, мұндай бастамалар өзге түркі мемлекеттерінде де жүзеге асырылуда. Ал Қазақстанда аталған жұмыстарды үйлестіріп, бірегей цифрлық платформаға біріктіру көзделіп отыр.

– Біз Мәдениет министрлігі атқарған жұмысты қайталамаймыз, мәдени саладағы цифрландыру нәтижелерін бірегей цифрлық порталға біріктіру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Айталық, Астанадағы Alem AI орталығында Turk Heritage Дүниежүзілік түркі мұрасы платформасын әзірлеп жатырмыз. Онда әлемнің түкпір-түкпірінде, шетел архивтерінде сақтаулы барлық түркі мұрасының цифрлық нұсқаларын жинақтаймыз. Бұл – бір күндік жұмыс емес, дегенмен жыл соңына дейін көпшілік назарына ұсынуды жоспарлап отырмыз, – деді А. Райымқұлова.

Бұл ретте дипломаттар мен Сыртқы істер министрлігінің жұмысы өз нәтижесін көрсеткен. Мысалы, Ватикан архивтері көптеген елдер үшін жабық болса, келіссөздер нәтижесінде қазақ ғалымдарына есігін айқара ашты.

– Соның арқасында Алтын Орда кезеңіне, Осман империясына, мәмлүктер мен Әмір Темір дәуіріне қатысты бізге бұрын белгісіз болған құжаттарды цифрландыру мүмкіндігі пайда болды, – деді Ақтоты Райымқұлова.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai Халықаралық ЖИ орталығына барды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью