Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Әлемде ет пен сүт өнімдерінің бағасы қатарынан төрт ай бойы төмендеп келеді.
2025 жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш ең төмен деңгейге жеткен. Бағаның арзандауына нарықтағы ұсыныстың артып, сұраныстың азаюы әсер еткен. Сонымен бірге кейінгі алты айда өсімдік майларының бағасы да біртіндеп арзандағаны байқалады. Алайда астық пен қант керісінше сәл қымбаттаған. Бұған Бразилияның бірқатар өңірінде қант өндірісінің күрт азаюы себеп болған.