Әлемде мұнайға сұраныс артады

22.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Биыл мұнайға әлемдік сұраныс артады.

Күніне 930 мың баррельге жетуі мүмкін. Бұл туралы Халықаралық энергетика агенттігінің есебіне сілтеме жасаған "Рейтер" хабарлады. Көрсеткіш желтоқсандағы сарапшылардың болжамынан 70 мың баррельге артық. Сарапшылар сұраныстың өсуін 2025 жылғы тариф тауқыметінен кейінгі әлемдегі экономикалық жағдайдың тұрақтануымен байланыстырады. Негізгі мұнай жеткізушілер Азия, Таяу Шығыс пен Африканың дамушы елдері болмақ. Былтыр желтоқсанда әлем зауыттарындағы шикі мұнайды қайта өңдеу көлемі күніне 2 миллион баррельге дейін артқан еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью