Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Зерттеу деректеріне қарағанда, миллиардерлер саны ең жылдам өсетін елдердің бірі – Сауд Арабиясы. Мұнда олардың саны 2026 жылғы 23-тен 2031 жылы 65-ке дейін артуы мүмкін. Сондай-ақ Польша мен Швеция елдерінде де екі еседен астам өсім күтіледі.
Бұл үрдіс әлемдегі байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықтың ұлғайып келе жатқан кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр.
Қазіргі таңда миллиардерлердің шамамен үштен бірі Солтүстік Америка аймағында тұрады. Алайда 2031 жылға қарай бұл көрсеткішті Азия-Тынық мұхиты өңірі басып озады деп күтіледі. Сол уақытқа қарай бұл өңірге әлемдегі миллиардерлердің 37,5%-ы тиесілі болады, ал Солтүстік Американың үлесі 27,8% шамасында қалады.
Сонымен қатар, байлығы кемінде 30 миллион долларды құрайтын адамдар саны да күрт артқан. 2021 жылы олардың саны 162 мың болса, қазір 713 мыңнан асты, яғни 300%-дан астам өсім тіркелген.
Лиам Бейли айтуынша, бизнесті кеңейту мүмкіндіктері бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Бұл технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуының арқасында ірі капиталдардың тез қалыптасуына ықпал етіп отыр.
Ал Oxfam ұйымының жыл сайынғы есебіне сәйкес, 2025 жылы әлемде миллиардерлер саны алғаш рет 3000-нан асты. Олардың жиынтық байлығы 18,3 триллион долларды құрайды.