Әлемдегі ең ірі айсберг толықтай еріп кетті

21.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ғалымдардың мәліметінше, соңғы 40 жыл бойы бақылауда болған алып мұз кесегі өз «ғұмырын» аяқтаған. Айсберг ұсақ бөліктерге бөлініп, өмір сүру кезеңінде жалпы аумағының 99%-ын жоғалтқан.

А23а айсбергі 1986 жылы Фильхнер шельфтік мұздығынан бөлініп шыққан. Сол кезде оның ауданы шамамен 4170 шаршы шақырым болған. 30 жылдан астам уақыт бойы ол Уэдделл теңізінің орталық бөлігінде қайраңға тіреліп тұрған, кейін Антарктида жағалауы бойымен қозғала бастады. 2023 жылдың қараша айының ортасына қарай ашық суға шыққан.

2025 жылдың басында айсберг Оңтүстік Георгия аралына жақындап, одан 80 шақырым жерде қайтадан қайраңға отырған. Ол жерде 2025 жылдың қаңтарынан мамырына дейін тұрып, кейін шығыс жағынан айналып өтіп, қозғалысын жалғастырды. Сол жылдың тамыз айының соңында айсбергтен ауданы 60-тан 300 шаршы шақырымға дейінгі үш ірі бөлік бөлініп кетті. Осыдан кейін ол ең ірі айсберг мәртебесінен айырылды.

Мамандардың айтуынша, 2025 жылдың қаңтарында оның ауданы шамамен 1300 шаршы шақырым болса, қазіргі таңда 50 шаршы шақырымнан да аз қалған. Соңғы үш айда айсберг шамамен 1000 шақырым жол жүріп, Оңтүстік және Атлант мұхиттарының шекарасынан өтіп, 49° оңтүстік ендік маңында орналасқан. Қазір ол ашық суда дрейф жасап, біртіндеп толық еріп жатыр.

Айта кетйеік, былтыр әлемдегі мұздықтарда 408 гигатонна мұз еріді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью