Әлемдегі ең қымбат қонақүй нөмірі аталды оның бағасы таңғалдырады

27.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Әлемдегі ең қымбат қонақүй бөлмесі Дубайда орналасқан. Мәселе Atlantis The Royal қонақүйіндегі The Royal Mansion пентхаусы туралы болып отыр, онда тұрудың стандартты құны бір түнге 100 мың доллардан басталады, деп хабарлайды Tengri Travel.

Supercarblondie мәліметінше, Монакодағы Формула-1 Гран-приі сияқты ірі іс-шаралар кезінде кейбір люкс бөлмелер уақытша бұдан да қымбат болуы мүмкін, бірақ осы The Royal Mansion өзінің стандартты бағасы бойынша әлемдегі ең қымбат қонақүй бөлмесі саналады.

Әлемдегі ең қымбат қонақүй бөлмесі қайда орналасқан?

Ең қымбат қонақүй бөлмесін анықтау оңай емес, өйткені ауқымды іс-шаралар кезінде тұру құны күрт өсіп кетуі мүмкін. Мысалы, Формула-1 жарыс апталығында Монаконың сәнді қонақүйлері тасжолға қарап тұрған бөлмелер үшін бір түнге 100 мың доллардан әлдеқайда жоғары баға қоя алады.

Дегенмен, егер тұрақты тариф туралы айтатын болсақ, онда Дубайдағы Atlantis The Royal қонақүйіндегі The Royal Mansion көшбасшы болады.

Жоғары құн қызмет көрсету деңгейімен ғана емес, Дубайда туристік маусымның жоғары және төмен деп бөлінбейтіндігімен түсіндіріледі. Мұнда жыл бойы жылы ауа райы сақталады, ал қала үнемі түрлі іс-шараны қабылдайды, сондықтан сәнді бөлмедерге сұраныс тұрақты түрде жоғары болады.

Тұру құнына не кіреді?

The Royal Mansion екі қабатты алып жатыр және ауданы жағынан үлкен жеке үймен тең келеді. Резиденцияның террасаны қосқандағы жалпы ауданы шамамен 1 604 шаршы метр.

Қонақтар иелігінде ең көбі тоғыз ересек адам мен төрт балаға арналған төрт негізгі жатын бөлме бар.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ryan Dubs (@ryandubs) жарияланымы

Мұнда оңашалыққа да, дербес қызмет көрсетуге де ерекше көңіл бөлінген. Тұру құнына тәулік бойы жұмыс істейтін күтушілер командасы, жеке шеф-аспаз және жеке күзет қызметі кіреді.

Сонымен қатар, нөмірде мыналар бар:

температурасы реттелетін жеке панорамалық инфинити-бассейн; кең терраса; күнге қыздырынуға арналған аймақ; жазғы асүй; демалыс пен ойын-сауыққа арналған лаунж-кеңістік; шеф-аспазға арналған бөлек асүй; 12 адамға арналған ресми асхана; жеке кітапхана; жеке лифт. Сән-салтанат әр бөлшектен көрінеді

Үлкен кеңістік пен дербес қызмет көрсетуден бөлек, бөлме қымбат интерьер элементтерімен және эксклюзивті бөлшектерімен ерекшеленеді.

Қонақтарға walk-in форматындағы киім бөлмелері, Hermès және Graff косметикалық құралдары, сондай-ақ интерьердің ерекше заты - Louis Vuitton үстел теннисіне арналған үстелі қолжетімді.

Нөмір сипаттамасында жеке кинотеатрдың бар екені де атап өтілген, бұл ұзақ уақыт барынша оңаша тұруға арналған жағдайлар жиынтығын толықтырады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Atlantis The Royal (@atlantistheroyal) жарияланымы

The Royal Mansion негізгі сипаттамалары

Қонақүй мәліметтеріне сәйкес, әлемдегі ең қымбат қонақүй бөлмесі мыналарды ұсынады:

тұру құны - бір түнге 100 мың доллардан бастап; ауданы - террасамен бірге 1 604 шаршы метр; төрт жатын бөлме; Дубайға қарайтан жеке инфинити-бассейн; тәулік бойы қызмет көрсететін күтушілер қызметі; жеке шеф-аспаз; жеке күзет қызметі; кітапхана; жеке кинотеатр; жеке лифт; 12 адамға арналған асхана; Hermès және Graff премиум-класты ванна керек-жарақтары.

The Royal Mansion-ның жоғары құны бөлме көлеміне ғана емес, жеке қызмет көрсету деңгейіне де байланысты екені атап өтіледі. Қонақтарға іс жүзінде жеке қызмет көрсету командасы, демалыс инфрақұрылымы және Дубайдың панорамалық көрінісі бар жеке резиденция беріледі.
Тағы оқыңыз: 26 миллион теңгелік тур: ең қымбат пойыз Қазақстан арқылы қатынай бастайды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью