Әлемдік автонарық құлдырауда, Қазақстан өсуде ел қандай орынға ие болды

27.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Focus2Move компаниясы жеңіл көліктерге сұраныстың артуы мен төмендеуін анықтау үшін 150-ден астам елдің көлік нарығын зерттеді, деп хабарлайды Tengri Auto.

Талдау қорытындысы бойынша мамандар 2026 жыл жеңіл көлік нарығы үшін оңай болмайды деген тұжырымға келді. Тіркелген көліктер саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда қазірдің өзінде 2,9 пайызға қысқарған.

Зерттеушілердің пікірінше, нарыққа бір мезетте бірнеше фактор әсер етіп жатыр: геосаяси шиеленіс, АҚШ тарапынан енгізілген сауда шектеулері, Ормуз бұғазындағы жағдай, сондай-ақ жанармай бағасының өсуі.

Сонымен қатар жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен бензинді және дизельді көліктерден электрмобильдерге көшу төңірегіндегі белгісіздік те өз әсерін тигізіп жатыр.

Топ-50 ел

Focus2Move рейтингіне әлемдегі ең ірі көлік нарықтары кірді. Сарапшылар тіркелген жеңіл көліктер санын және олардың былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғандағы динамикасын саралады.

Әлемдік көлік нарығының көшбасшысы Қытай болып отыр. Екінші орында АҚШ тұрса, үшінші сатыда Үндістан орналасқан.

Алғашқы ондыққа Жапония, Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада және Бразилия да кірді.

Қазақстан әлемдік көлік нарығы рейтингінде 36-орынға тұрақтады. 2026 жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы бойынша, елдегі жаңа жеңіл және жеңіл коммерциялық көліктерді тіркеу көрсеткіші былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,9 пайызға өскен.

Әлемдік көлік нарығының жалпы құлдырауы аясында Қазақстан оң динамика көрсетті. Әлемде көрсеткіш 2,9 пайызға төмендесе, елімізде көлік саудасы 0,9 пайызға артты.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью