Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: мұнай транзиті, Kaspi және Қытай капиталы, франкофония, Аралды құтқару

25.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Reuters: Қазақстан мұнайын Германияға экспорттау маршруты өзгерді

Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак бірінші мамырдан бастап Қазақстан мұнайы Германияға «Дружба» құбыры арқылы емес, басқа бағытпен транзиттелетінін айтқан болатын. Агенттік Мәскеудің бұл әрекеті Ормуз бұғазындағы ахуалдың Еуропаға тигізер салмағын ауырлатуы мүмкін екенін еске салады.

- «Немістер ресейлік мұнайдан бас тартты, сондықтан оларда бәрі жақсы», – деп жазады Reuters ресейлік шенеунікке сілтеме жасап.

Материалда бұл өзгеріс Еуропаның Ресей мұнайы мен газынан бас тартуымен байланысты екені айтылған.

Bloomberg: Қытай капиталы елге Kaspi.kz арқылы да кіре бастады

Қытайдың Tencent компаниясы Қазақстандағы Kaspi.kz финтех экожүйесіне инвестиция салды.

- Tencent Қазақстанның жетекші финтех компанияларының бірі Kaspi.kz-ке инвестиция салды, - деп жазады Bloomberg.

Басылым бұл мәмілені Қытай инвесторлары тарапынан Орталық Азиядағы цифрлық қаржы секторына деген қызығушылықтың артуымен байланыстырады. Kaspi-дің өңірдегі ең ірі платформалардың бірі екені атап өтіледі.

Euronews: Француз мәдениеті Орталық Азияға Қазақстан арқылы тарап жатыр

- Франкофония көктемі фестивалі Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстанда да, мәдени ауқымын кеңейтіп жатыр, – делінген материалда.

Euronews фестивальдің аймақтың бірнеше елінде өтіп жатқанын және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін баяндайды. Бұл Қазақстанның халықаралық мәдени алаң ретіндегі рөлін күшейтіп отырғанын көрсетеді.

Xinhua-да біздің назарымызды аударған екі материал жарияланды.

Бірі Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын дамытуға басымдық бере бастағаны туралы.

Қазақстан алдағы төрт жылда 5 мың шақырым жаңа теміржол салуды жоспарлап отыр.

– Қазақстан теміржол тасымалының өткізу қабілетін арттыру үшін ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға ниетті, – деп хабарлайды Xinhua.

Материалда 2035 жылға қарай транзиттік жүк көлемін жылына 100 млн тоннаға жеткізу көзделгені айтылған. Жаңа жобалар жүк жеткізу мерзімін қысқартып, порттардың өткізу қабілетін арттыратыны да баяндалған.

Екінші материал Алматыдағы Қытай тілінің күні туралы.

Материалда бұл шара мәдени және білім беру байланыстарын дамытуға бағытталғаны айтылған. Мұндай бастамалар Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні атап өтіледі.

Anadolu Agency: Астанада экологиялық саммит өтті

– Астанада Аралды құтқару халықаралық қорының мемлекет басшылары деңгейіндегі кездесуі өтті. Тараптар Арал өңіріндегі экологиялық жағдайды жақсарту және су ресурстарын тиімді басқару мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, өңірлік ынтымақтастықты күшейту және бірлескен жобаларды іске асыру қажеттігі атап өтілді, – делінген материалда.

Мақалада Орталық Азия елдерінің су ресурстары мен экологиялық мәселелер бойынша ынтымақтастықты күшейтуге назар аударғаны айтылған.

Anadolu Agency: Қазақстан сирек металдар өндірісін кеңейтуде

Қазақстан сирек жер элементтері өндірісін ұлғайтып жатыр.

– Қазақстан сирек жер элементтері өнімдерінің желісін кеңейтуде, – деп жазады Anadolu Agency.

Материалда бұл бастама жоғары технологиялық өндірістерге қажетті шикізатқа жаһандық сұраныстың өсуімен байланысты екені айтылған.

AZERTAC: Транскаспий бағыты бойынша транзит өсті

Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалы соңғы жылдары айтарлықтай артқан.

- Соңғы бес жылда Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша транзит көлемі үш есеге өсті. Бұл бағыт Еуропа мен Азияны байланыстыратын маңызды көлік дәлізіне айналып келеді. Маршруттың дамуы өңір елдерінің логистикалық әлеуетін айтарлықтай арттырып отыр, - делінген материалда.

Azertac бұл үрдіс Қазақстанды аймақтағы негізгі транзиттік буындардың бірі ретінде күшейтіп жатқанын айтады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью