Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
«Western Edge Premier Event» – АҚШ-та өтетін халықаралық «FIRST» роботтехника қозғалысының ең беделді жарыстарының бірі. Бұл турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен үздік командалар қатысады. Олар робот құрастыру, бағдарламалау, инженерлік шешімдер және командалық жұмыс бойынша бақ сынайды. Аталған жарыстың ерекшелігі – командалар тек роботтың техникалық мүмкіндігін ғана емес, инновациялық шешімдерін, қоғамға пайдасын және команданың жұмысын да көрсетеді.
Лос-Анджелесте өткен турнирге 10-нан астам елден 88 команда қатысты. Еліміздің намысын қорғаған «PHOBOS» командасы бірінші орынды қанжығасына байлады. Сонымен қатар команда турнирдің «Inspire Award Winner – Sea Division Inspire Award Winner», «Western Edge Premier Event Winning Alliance Captain», «Sea Division Winning Alliance Captain», «Western Edge Premier Event PHOBOS» сияқты төрт бірдей марапатына қол жеткізді.
Айта кетейік, «PHOBOS» командасымен бірге ел намысын Алматы қаласының «Qazaq Style» және «UlyDala» командалары да қорғады. Сондай-ақ Ақтөбе қаласының «GAMBIT» командасы озық инженерлік шешімдері мен техникалық құжаттамасының жоғары деңгейі үшін «Think Awar 2nd Place» марапатына ие болды.
Тағы бір маңызды жаңалық NIS Шымкент-Абай мектебінің оқушылары Кентукки штатының Лексингтон қаласында өткен «Run for the Robots» халықаралық турнирінде жоғары нәтиже көрсетті. Мектептің «Atomic Heart» командасы қазылар алқасының ең жоғары марапаты – «Inspire Award» жүлдесін алды. Тартысты додаға АҚШ-тың 25 штатынан және Пуэрто-Рико, Бразилия, Қазақстаннан 70-тен астам команда қатысты.
Фариза ІЗБАСАРОВА,
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті