Әлемдік мұнай қорлары рекордтық жылдамдықпен сарқылып жатыр Bloomberg

10.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы қақтығысы аясында әлемдегі мұнай қоры рекорд қарқынмен азайып жатыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігінің мақаласында айтылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы қақтығысы аясында әлемдегі мұнай қоры рекорд қарқынмен азайып жатыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігінің мақаласында айтылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ирандағы соғыс Парсы шығанағынан отын жеткізуге кедергі келтіріп, әлемдік мұнай қорын рекордтық жылдамдықпен азайтып жатыр. Соның салдарынан тасымал дағдарысынан қорғайтын резерв те сарқылып барады", — делінген жарияланымда.

Мұнай қорының тез азаюы бағаның одан әрі күрт өсуі мен тапшылық қаупін күшейтетіні атап өтілді. Ормуз бұғазы екі айға жуық толық жабылғаннан кейін бір миллиард баррельден аса тасымал жоғалған. Осыған байланысты үкіметтер мен өнеркәсіп салаларының оның салдарын жұмсарту мүмкіндігі азайып отыр.

"Қордың күрт сарқылуы қақтығыс аяқталғаннан кейін де нарық болашақтағы кез келген іркіліске осал болып қала беретінін білдіреді", — деп жазады агенттік.

Morgan Stanley бағалауынша, 1 наурыз бен 25 сәуір аралығында әлемдік мұнай қоры күніне шамамен 4,8 миллион баррельге азайып отырған.

Әлемдегі көрінетін мұнай қоры 2018 жылдан бергі ең төменгі деңгейге жақындап қалды. Ең күрделі жағдай отын импортына тәуелді бірнеше Азия елінде байқалып отыр. Атап айтқанда, Индонезия, Вьетнам, Пәкістан және Филиппин туралы сөз болып отыр. Бұл елдердің қоры бір айдың ішінде шекті деңгейге жетуі мүмкін деп болжанады.

Еуропада авиациялық отын қоры да тез азайып барады. Бұл демалыс маусымы қарсаңында болып отыр. Кейбір сарапшылар қор маусым айында-ақ шекті деңгейге жетуі мүмкін екенін айтады.

Егер Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалы қайта қалпына келмесе, қыркүйекке қарай әлемдік мұнай қоры мұнай құбырлары, резервуарлар мен экспорт терминалдарының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті ең төменгі көлемге дейін түсуі мүмкін. Бұл "операциялық минимум" деп аталады.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

29 сәуір 08:10 1

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

27 сәуір 20:44 1

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью