Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
2020 жылғы ел қоржынын жүлдемен толтырған спортшы қыздар
2020 жылғы Жазғы Паралимпиадада Зарина Байбатина күміс медаль жеңіп алды.
Фото: olympic.kz2022 жылы Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында өткен 2021 жылғы Жазғы Сурдлимпиада ойындарында Анна Краморова мен Дина Адамбаева сурдо дзюдодан қола медаль иеленді.
Ал Айжомол Әбдіқатова сурдо таэквондодан қола медаль жеңіп алды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіСофья Берульцева 2020 жылғы Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, шахматтан үш дүркін әлем чемпионы (2021,2022,2025 ж. ж.), 2023 жылғы XIX Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы2024 жылы — 425 медаль
2024 жылдың қорытындысы бойынша әйел спортшыларымыз әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Олимпиада ойындары, Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары мен кубоктарында, сондай-ақ түрлі халықаралық және тағы басқа беделді жарыстарда олар ел намысын абыроймен қорғап, барлығы 425 медаль жеңіп алды (135 алтын, 143 күміс, 147 қола).
Фото: Қазақстан ҰОКОлардың қатарында Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Назым Қызайбай және Александра Ле, Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан әлем чемпионы атанғанын өтуге болады.
Фото: ҰОК2024 жылғы Жазғы Паралимпиада ойындарында Ақмарал Науатбек пара дзюдодан алтын медальға ие болды.
Фото: ҰОКАл пара дзюдодан Зарина Райфова мен Даяна Федосова қола медаль жеңіп алды.
Фото: olympic2025 жыл — 309 медаль
2025 жылдың қорытындысы бойынша әйел спортшыларымыз табысты өнер көрсетіп, Әлем, Азия және Еуропа чемпионаттары мен кубоктарында, сондай-ақ халықаралық және басқа да әлемдік жарыстарда 309 медаль иеленді (99 алтын, 101 күміс, 109 қола).
Фото: olympic.kz Фото: ҚР ҰОКҰлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан өткен Әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Наталья Богданова 1-орынға, Назым Қызайбай 2-орынға, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова 3-орынға қол жеткізді.
Фото: Қазақстан бокс федерациясы Фото: olympic.kzӘбиба Әбужақынова Будапештте (Мажарстан) өткен Әлем чемпионатында тарихи күміс медальді жеңіп алды.
Фото: ҚР ҰОКБұл нәтиже Қазақстанда әйелдер дзюдосының тарихындағы ең үздік көрсеткіш саналады. Фристайл-могулдан Әлем чемпионатында Анастасия Городко қола медальға ие болды.
Фото: ҰОКБолгарияда өткен жасөспірімдер арасындағы көркем гимнастикадан Әлем чемпионатында Қазақстан тарихында алғаш рет алтын медальді Ақмарал Ерекешева жеңіп алды.
Фото: ҰОК2025 жылы Токио (Жапония) қаласында өткен 2025 жылғы Жазғы Сурдлимпиада ойындарында Амина Файзулина сурдо дзюдодан алтын медаль, Анна Краморова сурдо дзюдодан қола медаль (3-орын) иеленді.
Фото: ШҚО әкімдігіФаина Мейрманова сурдо жеңіл атлетикадан алтын медаль жеңіп алды.
Айым Жетпісбаева сурдо дзюдодан қола медаль, ал Айжомол Әбдіқатова мен Аида Макатова сурдо таэквондодан қола медаль иеленді.
2026 жылдан үміт көп
Ал 2026 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында конькимен жүгіруден Кристина Шумекова бес алтын және бір күміс медаль жеңіп алып, сенсациялық нәтижеге қол жеткізді.
Фото: ҰОКБұдан бұрын Индиан-Уэллс турнирінде Анна Данилина келесі айналымға өткенін жаздық.