Әлемдік техногигант 60 мың қызметкеріне өтемақымен жұмыстан кетуді ұсынды

27.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Америкалық Microsoft компаниясы бүкіл әлем бойынша қызметкерлеріне өтемақы төлей отырып, өз еркімен жұмыстан шығуды ұсынды, деп хабарлайды Tengri Life Euronews басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы дүйсенбі күні қызметкерлермен жұмыс жөніндегі директор Эми Коулман мәлімдеді.

Қызметкерлерге жолданған қызметтік жазбада ол Voluntary Exit Offer бағдарламасын компанияның ұйымдастырушылық өзгерістерге деген көзқарасын жаңартудың маңызды бөлігі деп атады. Оның айтуынша, бұл бағдарлама икемділікті арттыруға және мүмкіндігінше қызметкерлерге болашақ кәсіби жолын өз бетінше анықтауға көбірек мүмкіндік беруге жағдай жасайды.

Ұсыныс Microsoft-тың АҚШ, Канада, Үндістан және Ұлыбританиядағы жекелеген бөлімшелерінің қызметкерлеріне, соның ішінде вице-президент деңгейіне дейінгі кейбір басшылық лауазымдарға қатысты.

"Бұл - уақыты шектеулі, ерікті бағдарлама. Ол қатысуға құқығы бар адамдарға қаржылық қолдау ала отырып және мансапты жоспарлау ресурстарын пайдалана отырып, Microsoft-тан кетуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Таяу сағаттарда бағдарламаға қатысуға құқылы қызметкерлер жеке ұсыныстарға сілтемесі бар электронды хат алуы тиіс. Материалда шамамен 60 мың адам бұл бағдарламаны пайдалана алатыны көрсетілген.

Шілдеде Microsoft шамамен 4 800 жұмыс орнын немесе сол кездегі жаһандық штатының 2,1 пайызын қысқартатынын жариялаған болатын. Компания жасанды интеллект технологияларын одан ары дамыту аясында стратегиялық басымдықтарды өзгертуге және шығындарды азайтуға ұмтылды. Қысқартулар негізінен компанияның коммерциялық бөлімшесі мен Xbox ойын бизнесіне әсер еткен.

Биыл Microsoft кейбір қызметкерлеріне зейнетке ерте шығуды да ұсынды.

Компания мәліметінше, зейнетке ерте шығу бағдарламасына қатысуға құқығы бар жұмысшылардың 30 пайыздан астамы ұсынысты қабылдаған. Корпорация бұдан былай да "осындай тәсілдерді қарастыра беретінін" мәлімдеді.
Тағы оқыңыз: Кім басты орында - адам әлде ЖИ? Microsoft кодекс дайындап жатыр

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью