Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ішкі туризм қарқын алды
Ел ішінде саяхаттаған азаматтардың саны 3,6%-ға артқан. Бұл азаматтардың отандық туристік бағыттарға қызығушылығының өсіп келе жатқанын көрсетеді. Ішкі туризм өңірлердегі экономикалық белсенділікті арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етті.
Туристер ең көп барған өңірлерТалғат Ғазизов: Қазақстанда туризм саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында келушілер саны бойынша:
Алматы – 472,9 мың адам; Астана – 352,2 мың адам; Ақмола облысы – 161,1 мың адам.Сонымен қатар барлық туристердің шамамен 40%-ы курорттық аймақтарды таңдаған.
Туризм экономикаға елеулі үлес қосты2025 жылдың қорытындысы бойынша туризмнің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңгеге жетіп, ішкі жалпы өнімдегі үлесі 3,1%-ды құрады. Салада 600 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Шетелдік туристердің елдегі шығындары 2,9 млрд АҚШ долларын құраса, туризмнен түскен салық көлемі 630 млрд теңгеге жеткен.
Инвестициялар мен инфрақұрылым дамып жатыр2025 жылы туризм саласына тартылған инвестициялар 1,3 трлн теңгені құрады. Сондай-ақ 96 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып, мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 7 млрд теңгеге жетті.
Аида Балаева: Almaty Superski таудағы туризмді дамытудың үлгісіне айналуға тиіс
2026 жылы қабылданған заңнамалық өзгерістер аясында:
туристік автобустар үшін «жасыл дәліз» енгізіледі; визит-орталықтардың қызметі заңмен реттеледі; гидтер мен экскурсия жетекшілеріне бірыңғай талаптар белгіленеді; 18 жасқа дейінгі балалар үшін ұлттық парктерге кіру тегін болады. Елдің халықаралық рейтингтердегі көрсеткіші жақсардыДүниежүзілік экономикалық форумның Travel & Tourism Development Index рейтингінде Қазақстан:
2019 жылы – 80-орында; 2021 жылы – 66-орында; 2024 жылы – 52-орында болды.Яғни бес жыл ішінде ел 28 сатыға көтерілген.
Алакөл мен Балқаш туризмі: Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді
Сондай-ақ U.S. News & World Report рейтингінде Қазақстан 2025 жылы туризм және мәдениет бағыты бойынша 73-орынға көтеріліп, бірқатар елді, соның ішінде Өзбекстан, Катар, Вьетнамды артта қалдырды.