Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Дизайнер ұзақ уақыт деменциямен күрескен. Оның жұбайының айтуынша, Свит өз еркімен қарттар үйіне жатып, сонда көз жұмған. Өмірінің соңғы айларында оның денсаулығы күрт нашарлап, ем-дом мен күтімге қаражат жинау үшін қайырымдылық науқаны ұйымдастырылған. Нәтижесінде шамамен 94 мың доллар жиналған.
Роджер Свит Mattel компаниясында жұмыс істеп, «Әлем әміршілері» ойыншықтар сериясын жасауға атсалысқан. Ол ойлап тапқан Хи-Мэн кейіпкері кейін 1983 жылы шыққан Хи-Мэн және Әлем әміршілері мультсериалының басты қаһарманына айналды.
1982 жылы жарық көрген Хи-Мэн ойыншығы ойыншық индустриясында үлкен өзгеріс әкелді. Бұған дейінгі кейіпкерлердің көпшілігі (мысалы, Джедаи) қозғалыссыз қалыпта болса, Хи-Мэннің буындары қозғалмалы болды. Биіктігі шамамен 14 см болатын ойыншықтың ең танымал бөлшектері – алынбалы қылыш пен балта еді, оларды осы сериядағы басқа кейіпкерлер де пайдалана алған.
Айта кетейік, бұған дейін әйгілі Голливуд актері Чак Норристің 86 жасқа қараған шағында қайтыс болғанын хабарладық.