Әлемге әйгілі Шыңғыс хан туралы еңбек алғаш рет қазақ тіліне аударылды

21.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Астанада түркі әлемінің тарихы мен Ұлы дала өркениетіне арналған кітаптардың таныстырылымы өтті. Іс-шара «Алтын Орда – дала көшпелі өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум аясында ұйымдастырылды. Симпозиумға 30-дан астам елден келген ғалымдар мен зерттеушілер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кітап таныстырылымын Қазақ тарихи қоғамы мен Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институты өткізді. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, зерттеушілер, баспагерлер мен оқырмандар арасындағы байланысты күшейтетінін атап өтті.

Кеш барысында америкалық тарихшы әрі антрополог Джек Уэзерфордтың «Шыңғыс хан және қазіргі әлемнің қалыптасуы» атты еңбегінің қазақ тіліндегі нұсқасы таныстырылды. Әлемге танымал кітап алғаш рет қазақ тіліне аударылып отыр. Бұған дейін еңбек 20-дан астам тілде жарық көрген.

Кітапта Моңғол империясының қазіргі әлемнің қалыптасуына әсері, халықаралық сауда жолдарының дамуы, дипломатиялық байланыстар мен Шығыс пен Батыс өркениеттері арасындағы мәдени ықпалдастық туралы баяндалады.

Сонымен қатар тарихшы Джу-Юп Лидің «Түркі халықтары әлем тарихында» атты кітабы да оқырманға таныстырылды. Еңбек түркі халықтарының тарихы мен Еуразия кеңістігіндегі бірегейліктің қалыптасу мәселелеріне арналған.

Steppe and World Publishing House баспасының негізін қалаушы Раиса Сайран Қадыр Қазақстандағы аударма әдебиет пен ғылыми-көпшілік баспа жобаларының дамуы жөнінде сөз сөйледі.

«Біз үшін дала тарихының халықаралық ғылыми диалогтың бір бөлігіне айналғаны маңызды. Мұндай іс-шаралар зерттеушілерді, баспагерлер мен оқырмандарды біріктіреді. Қазір дала өркениетін зерттеу тарихи сана мен гуманитарлық ғылымды дамыту тұрғысынан ерекше өзекті», деді ұйымдастырушылар.

Соңғы жаңалықтар

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 15:45

Депутат былапыт сөз қолданылатын тренингтерге баға беруді талап етті

Парламент • Бүгін, 15:30

Алматыда қоқысты электр энергиясына айналдыратын кәсіпорын бой көтереді

Үкімет • Бүгін, 15:28

Депутат «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынды

Қоғам • Бүгін, 15:13

Президент әнші Мақпал Жүнісова мен домбырашы Татьяна Бурмистрованы марапаттады

Президент • Бүгін, 14:59

Елімізде Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады

Президент • Бүгін, 14:53

Германия Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокурорын экстрадициялаудан бас тартты

Әлем • Бүгін, 14:49

Ыбықты сай шатқалындағы оқиға бойынша қатаң қорытынды шығару керек: Президент вандализм туралы

Президент • Бүгін, 14:40

Президент: Жастарымызды қатаң, тіпті қатігез бәсекелес ортада табысқа жетуге даярлауымыз керек

Президент • Бүгін, 14:31

Мемлекет басшысы: Өнерпаздарға берілетін мемлекеттік стипендия көлемі екі есе өседі

Президент • Бүгін, 14:23

Қазақстанда «Асыл мұра» ұлттық сыйлығы тағайындалады

Президент • Бүгін, 14:18

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ – өнердің киесін ұғатын, өнерпаздың қадірін білетін жұрт

Президент • Бүгін, 14:10

Ел тұрғындары әуе таксиіне қашан міне алады?

Қоғам • Бүгін, 14:00

Сот орындаушылары енді алимент шоттарынан ақша өндіре алмайды

Парламент • Бүгін, 13:53

Дубайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған отандасымыз қандай қылмыс жасады?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:20

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью