Әлемнің ең кешікпейтін әуе компаниялары

12.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Cirium аналитикалық орталығы кешікпейтін әуе компанияларының рейтингін жариялады.

Былтырғы үздіктер көшін мексикалық Aeromexico бастап тұр. Рейстерінің 90 пайыздан астамы уақытылы жеткен. Екінші орында 86,5 пайыздық көрсеткішпен Саудиялық Saudia компаниясы. Үштікті 86 пайызбен Scandinavian Airlines  түйіндеді. Бұл компаниялардың ұшақтары 2025 жылы 15 минуттан артық кешікпеген. Британдық Virgin Atlantic компаниясының уақытылы орындалған бағыттарының үлесі 74 пайыздан 84 пайызға өскен.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью