Алеппода оқ атпау режимі енгізілді

09.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сирияның Алеппо қаласында оқ атпау режимі енгізілді. Енді шаһардан билік әскері шығарылуы тиіс. Бұған дейін қалада күрд жасақтарына қарсы операция өтті.

Күрдтердің «Сирияның демократиялық күштері» қозғалысы Сирия билігінің әскери операциясын қатаң айыптады. Мұны «Алеппоның солтүстігіндегі халықтың демографиялық құрамын өзгертуге бағытталған қадамға» теңеді. Кейінгі дерек бойынша, атыс-шабыстан 12 адам қаза тапты. Тағы 64-і жарақат алған. Олардың арасында әйелдер мен балалар бар. 10 мыңнан аса тұрғын үйлерін тастап, қашуға мәжбүр болды.  Бірер күн бұрын Сирия билігі күрд жасақтарын бейбіт келісімді бұзды деп айыптаған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью