Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Екібастұз ел энергетикасының жүрегі ғана емес, бүгінде отын кешені мен металлургия саласында маңызды индустриялық өңірге айналып келеді. Кейінгі жылдары алып өндірістер тұрғызылуы нәтижесінде экономикасы ілгерілеп, қазынаға тиесілі қаражат та еселене түскен.
Ұлттық экономика министрлігі елдегі моноқалалар тізімін жаңартты. Бұл тізімде енді Екібастұз жоқ. Аталған тізімнен шығарылуының өзіндік себебі бар, енді бұл шаһар – әртараптандырылған экономикасы бар, табысты дамып келе жатқан кәсіпкерлігі және қомақты инвестициялар ағынына ие индустриялық орталық. Бұрын көмір өндірісі мен энергетикалық нысандарға ғана тәуелді болып келген қалада жаңа жобалар жүзеге асып жатыр.
«Қаланы дамытудың нақты кешенді жоспарына сәйкес Екібастұз экономикасын әртараптандыру бағытында жүргізілген жүйелі жұмыс нәтижесін бере бастады. Кейінгі үш жылда мұнда өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету салалары қарқынды дамып қана қоймай, сенімді түрде орныға алды. Экономикалық өзгеріс нақты көрсеткіштермен дәлелденді. 2025 жылдың қорытындысында шаһардағы өнеркәсіп өндірісі 1,6 трлн теңгеге жетті. Бұл өңірдегі барлық қалалар арасындағы ең жоғары нәтиже, ал Павлодар облысының өнеркәсібіндегі Екібастұздың үлесі – 40,1 пайыз. Жоспарланған 737 млрд теңге инвестиция көлемі іс жүзінде 1,5 трлн теңгеге жетіп, күтілгеннен екі есеге асып түсті», дейді облыс басшысы Асайын Байханов.
Жергілікті экономиканың жаңа бағыттарының бірі – толыққанды металлургиялық кластер. Қазірдің өзінде мұнда екі ферроқорытпа зауыты іске қосылды: «EkibastuzFerroAlloys» (инвестиция көлемі – 92 млрд теңге) мен «Kazferro Limited» (30 млрд теңгеден астам инвестиция). Өңірде 138,4 млрд теңгеге осындай үшінші кәсіпорын салынып жатыр. Жалпы, үш кәсіпорынның қуаттылығы жылына 460 мың тоннаға дейін өнім өндіруге мүмкіндік береді әрі ол еліміздің ферросилиций өндірісі бойынша әлемдік нарықта жетекші орынға шығуына жол ашады деп күтіліп отыр. Катодты мыс өндіру және бандаждар мен соғылған бұйымдар шығару жобалары іске қосылуға дайын. Бұл жобалар металлургиялық шикізатты өңдеу тереңдігін арттырып, өңірдің экспорттық әлеуетін едәуір нығайтады. «Railways Systems KZ» холдингінің өнеркәсіптік көшбасшысы өте ауқымды жоба ұсынып отыр. Қуаты жылына 1 млн тоннаға дейін болатын, жобалық құны 500 млрд теңгеге жуық болашақ электрметаллургиялық зауыттың өнімдері келешекте ТМД мен ЕуроОдақ елдеріне экспортталады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Екібастұзда IT-секторды және цифрлық инфрақұрылымды дамыту мақсатында жоғары технологиялық «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын іске асыру басталды. Бұған қоса Екібастұз бұрынғыдай еліміздің негізгі энергетикалық орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін сақтап отыр. МАЭС-2 стансасының қуатын арттыру жобасы және жаңа МАЭС-3 стансасының құрылысы жоспарланып отыр. Қалада «жасыл» технологиялар белсенді енгізіліп, яғни жел электр стансалары тұрғызылады. Энергетикалық әлеует агроөнеркәсіптік сектордың дамуына да қосымша серпін беріп, Екібастұзда ірі жылыжай кешендері кеңейтіліп, көкөніс өнімдерін өндіру көлемі арта түскен.
Мамандар қаланың әлеуметтік өмірінде де айтарлықтай өзгеріс орын алып жатқанын айтады. Жыл сайын тұрғындар игілігіне 87 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмысының көлемі 124 млрд теңгеге жетті. Кейінгі бес жылда 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, бюджет кірісі 69 млрд теңгеге дейін өскен.
Сарапшылар 2023–2024 жылдары алғашқы нақты нәтижелердің тіркелгенін, ал кейінгі екі жылда қаланың жаңа, тұрақты жұмыс істейтін экономикалық моделі қалыптасқанын атап өтті. Бұл модель алдағы уақытта да кеңейе береді, оған Екібастұздың мүмкіндігі толық жеткілікті.
Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы
Соңғы жаңалықтар
Жүйелі жұмыс: заңсыз алынған жер қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:20
«Digital Qazaqstan 2026»: Жаңашылдық пен ықпалдастық алаңы
Форум • Бүгін, 09:15
Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10
Тауар айналымын талдаудың цифрлық құралы таныстырылды
Форум • Бүгін, 09:05
Қостанайда жасалған қуатты комбайн
Өндіріс • Бүгін, 09:00
Мүлікті қорғаудың тиімді тетігі
Құқық • Бүгін, 08:55
Руханият • Бүгін, 08:50
Экономика • Бүгін, 08:45
Руханият • Бүгін, 08:40
Таным • Бүгін, 08:35
Қайырымдылық – баршаны біріктіретін құндылық
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Зейнеткерлердің де мүмкіндігі мол
Қоғам • Бүгін, 08:25
Гүл өсіріп табысын еселеген студент
Еңбек • Бүгін, 08:20
Қоғам • Бүгін, 08:15
Өнер • Бүгін, 08:10