Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Елімізде азаматтардың әл-ауқатын нығайтып, ахуалын жақсарту мақсатында түрлі әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Мемлекеттік қолдау шаралары ашық, әрі тиімді жүргізілуге тиіс.
Қазына қаражатын ебін тауып асап қалуға ұмтылатындардың жолын кесу мақсатында әлеуметтік көмек түрлеріне цифрландыру толыққанды енгізіліп жатыр.
Соның ішінде «Әлеуметтік әмиянның» салмағы ауыр. Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі жыл бұрынғы
Әлеуметтік әмиянға салынған қаражатты банктер, коллекторлар, салық органдары өндіріп ала алмайды.
Өйткені «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңмен қорғалатын қаражат тек әлеуметтік мақсатқа ғана жұмсалады.
Ұлттық банк, Сауда және интеграция, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері бірлесіп, әлеуметтік әмиянды жан-жақты саралап енгізді.