Әлеуметтік бағдарламалар мүмкіндігі

31.12.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ақтөбе облысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында азаматтарға кәсіби бағдар беру, кәсіптік оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында байланыс орнатуға басымдық берілді.

Атқарылған маңызды жобалар­дың бірі – оқуын аяқтағанына 5 жыл толмаған, 35 жасқа дейінгі жұмыссыз түлектерге арналған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы. Бағдарлама аясында 2 146 жасқа бейімділігі мен маман­дығына сай жұмыс орындары ұсынылып, олар 12 ай бойы сол мекемеде тәжірибеден өтті. Кейін тұрақты жұмысқа орналасты. Осы кезеңде олардың жалақысының 30%-ын мемлекет субсидиялады. Жас маман­дарға алғашқы еңбек дағдысын мең­ге­руге, кәсіби тұрғыда қалып­тасуға жол ашатын бұл бағдарлама келесі жылы да жалғасады.

50 жастан асқан, бірақ зейнет жасына жетпеген жұмыссыз азаматтарға арналған «Күміс жас» жобасы – сәтті іске асқан бастамалардың бірі. Биыл осы бағдарлама арқылы 1 225 ақтөбелік жұмысқа орналасты. Айта кетерлігі, қатысуға ниет білдіргендердің басым бөлігі – әйелдер. Оларға жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы жұмыс орындары ұсынылды. Бағдарламаға қатысушылардың жалақысының бір бөлігін жұмыс беруші, ал 30 АЕК-тен аспайтын бөлігін мемлекет субсидиялады. Нәтижесінде, 1 125 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыс беру­шілер тарапынан әсіресе қызмет көрсету саласына және оқу орталықтары асханаларына ұсыныстар көп түсті.

Биыл 567 ақтөбелік әлеуметтік осал топтағы азамат 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алды. Үміткерлер алдымен «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, кейін грантқа өтінім тапсырды. Жобаға жұмыс­сыздар мен кәсібін жаңадан бастаған, айналым қаражаты жоқ кәсіпкерлер қатысты. Грант қаржысы бизнес жобадағы талаптарға сай құрал-жабдық, мал мен құс сатып алуға немесе ғимарат жалдауға жұмсалды.

Өңірдегі кәсіптік-техникалық оқу орын­дарының студенттері WorldSkills жобаларына белсене қатысып, «WorldSkills Qazaqstan – 2025» чемпионатынан 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен оралды. Ең жоғары марапатты төрт құзыреттілік бойынша ақтөбелік колледж студенттері жеңіп алды. Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенттері Мырзабек Сәндібекұлы мен Даниил Дрижак – өндірістік автоматика мен ұшқышсыз ұшу жабдықтары, Ш.Берсиев атындағы аграрлық-техникалық колледж студенті Жанат Әли – мейрамхана ісі, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің студенттері Ақниет Абылай мен Данияр Ерболатов – заманауи технологияларды меңгеру аталымдары бойынша бірінші орын алды.

Ақтөбе облысы 

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

«Керуендей бұ дүниеге аз күн қонып...»

Тағзым • Бүгін, 08:25

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Аламанда алған жүлде – қомақты

Спорт • Бүгін, 08:00

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Тарихи тамырмен табысқан сәт

Қоғам • Бүгін, 07:50

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью