Әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасы арзандады

30.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кеңесте бірінші тоқсанның алдын ала қорытындылары қаралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, наурыз айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы орта есеппен 0,3%-ға өсті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың наурызымен салыстырғанда (0,9%) үш есе төмен.

Жалпы алғанда, бірінші тоқсанда баға өсімі 1,2%-ға жетіп, 2025 жылдың осы кезеңіндегі 3,8%-дық деңгейден үш есе төмен болды. Бұл динамика бағаның тұрақты баяулап келе жатқанын көрсетеді.

Кеңесте ресми статистика тұтыну бағалары индексі халықаралық әдістемеге сәйкес қалыптастырылатыны, 537 тауар мен қызмет түрін қамтитыны айтылды. Мониторинг бүкіл ел бойынша 12 мыңнан астам сауда нысанында жүргізіледі. Ішкі сауда жүйесінде шамамен 760 мың кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді, олардың 300 мыңнан астамы азық-түлік өнімдерін сатумен айналысады.

Бағаның ең көп төмендеуі көкөніс түрлерінде тіркелді: қырыққабат 1,9%-ға, қызанақ 2,6%-ға, пияз 10,9%-ға, қияр 22,6%-ға арзандады. Жыл басынан бері қияр бағасы 31,1%-ға төмендеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью