Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Министр барлық өңірлерде нысандарды жылыту маусымына дайындау бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Білім беру саласындағы 10 913 нысанның 10 693-і, яғни 98%-ы дайындалды. Бұл ретте 8 өңірде 100% дайындыққа қол жеткізілді.
Денсаулық сақтау нысандары бойынша дайындық 98% құрайды. 5 394 нысанның 5 281-і дайындықты аяқтады. 6 өңірде 100% дайындық қамтамасыз етілді.
Тұрғын үйлер бойынша жылыту маусымына дайындық жұмыстары 51 391 үйде аяқталды, бұл жоспардың 96%-ын құрайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.