Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
- Жыл сайынғы индекстеу аясында біздің 4,6 млн азаматымыз үшін зейнетақылар мен жәрдемақылар артты, бұл олардың сатып алу қабілетін сенімді қорғауға мүмкіндік берді. 2025 жылы ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өсті, ал базалық зейнетақы 6,5%-ға индекстелді. 2026 жылы төлемдердің жоспарлы өсу саясаты жалғасады: базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 118%-ына дейін ұлғайтылды, зейнетақылар мен жәрдемақыларды жыл сайынғы индекстеу 10%-ды құрады, ал министрліктің жоспарланған шығыстарының жалпы көлемі 6,9 трлн теңгеге дейін өсті, – деді министр.
Отырыс барысында ведомство жұмысының әлеуметтік төлемдерден басқа да негізгі бағыттары бойынша жаңа тәсілдер белгіленді. Көші-қон саясаты саласында жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға басымдық бере отырып, цифрлық скоринг жүйесі енгізіліп жатыр. Инклюзия саласында сырттай мүгедектікті белгілеу процестерін толық цифрландыра отырып, әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу жүзеге асырылады.
Жиын барысында өздерінің салалық бағыттары бойынша егжей-тегжейлі баяндамалармен: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Ерасыл Жұманбаев, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов және «МӘСҚ» АҚ президенті Алмас Құрманов сөз сөйледі.
Айта кетейік, алқа отырысында қатысушылар 2025 жылғы мемлекеттік саясатты іске асыру қорытындыларын шығарып, әлеуметтік-еңбек саласын дамытудың 2026 жылға арналған негізгі векторларын айқындады.
Осыған дейін Еңбек министрі 2026 жылы 547,7 мың адамды жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырғанын жеткізді.