Әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібіне өзгеріс енгізілді: нәтиже қандай

12.12.2025

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібіне өзгеріс енгізілгеннен кейін "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына" ай сайын түсетін ақша одан төленетін қаржыдан асты. Бұл турады қордың басқарма төрағасы Алмас Құрманов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі қоғамдық кеңестің отырысында айтты.

Ол қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі қайтадан 5%-ға қайтарылғанын еске салды.

"Сондай-ақ жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібіне нысаналы өзгеріс енгізілді. Нәтижесінде ай сайынғы түсім қордан төленетін ақшадан көбейді", - деп түсіндірді Құрманов.

Алмас Құрмановтың мәліметінше, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны 7 млн адамға жуықтады. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 1 291 944 адамға 853,3 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем аударылған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью