Әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған мыңдаған әйел жауапқа тартылды

10.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан заңсыз төлем алған мыңдаған әйел жауапқа тартылып отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде қордан заңсыз әлеуметтік төлем алуға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалып отыр.

"Барлық іс бойынша 1 мыңнан астам әйел жауапқа тартылып отыр. Алдын ала мәләметке сәйкес, залалдың жалпы сомасы 3 млрд теңгені құрады", - деді Шегай мәжілістің бүгінгі отырысында.

Осы уақытқа дейін 9 қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылған болатын. Соның аясында заңсыз схемаларды ұйымдастырылғандар сотталды.

Айта кетері, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бірнеше төлем беріледі. Соның ішінде жүктілік пен босану бойынша берілетін төлемдер бар. Ал заңсыз схемалар аясында әйелдерді жалған жұмысқа орналастырып, босанғаннан кейін әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу фактілері анықталды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью