Әлеуметтік жауапкершілік арта түседі

05.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Сенат депутаттары Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Жетісу облысының тұрғын­да­рымен кездесті. Олар Конституция жобасының мән-жайын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.

Сурет: aqshamnews.kz

Сенатор Бибігүл Жексенбай елордада «Қаз­атом­­­­өнер­­кәсіп» АҚ еңбек ұжы­­мымен кездесіп, жаңа Конс­титуция жобасының негіз­гі ережелері мен оның елдің әлеуметтік-эконо­ми­ка­­лық да­муын­дағы маңызын түсін­­дір­­ді. Сондай-ақ ол мем­ле­­кеттің энергетикалық қа­уіп­сіздігі мен ұлттық эко­но­ми­­каның тұрақты дамуын қам­тамасыз етудегі компа­ния­­ның стратегиялық рөлін атап өтті.

Сенат депутаты Нүрия Ниязова Алматы қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Ол жоғары консуль­та­тивтік-қоғамдық орган – «Халық кеңесін» құру туралы бастамаға тоқталды. Депу­таттың айтуынша, Ха­лық кеңесі мемлекет пен қо­ғам­ның тікелей пікірлесу, ішкі саясат мәселелері бо­йын­ша ұсы­ныстар әзірлеу, этнос­ара­лық келісімді нығай­ту мен жал­пыұлттық құнды­лық­тар­ды ілге­рілетуде тиімді алаң болады.

Сондай-ақ депутат Жанна Асанова Алматыда «Қаз­пошта» ұлттық байланыс операторының ұжы­мымен кездесті. Сенатор конс­ти­туциялық реформаның не­гіз­гі бағыттарына жіті тоқ­та­лып, ұсынылған өзге­ріс­тер мемлекеттік бас­қарудың неғұрлым әді­летті және жа­уапты үлгісін қалыптастыруға, заң үс­тем­дігі қағидаттарын нығайтуға, еліміздің қоғам­дық-саяси өміріндегі азамат­тар­дың рөлін арттыруға бағыт­талғанын атап айтты.

Ал депутат Нұрлан Бекназаров Шымкент қа­ла­­сын­дағы «Alan» ха­лықаралық мектебінің педа­гогикалық ұжымымен кез­дес­ті. Сенатор сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету, педагог мәрте­бесін ны­ғай­ту, әлеуметтік әділет­тілік қағидаттарын сақ­тау, мем­ле­кет­тің құқықтық негіз­­дерін дамытуға ерекше тоқ­тал­ды.

Жалпыұлттық коалиция қыз­меті аясында депутат Жанболат Жөргенбаев Алматы облысы, Жамбыл ауда­нының тұрғындарымен кездесті. Қайназар ауылының №2 орта мектебіне 150-ге жуық адам жиналды. Сена­тор қатысушыларға Ата заң­да­ғы өзгерістер әділетті, өскелең қоғамды қалып­тас­­тыруға, заң үстемдігі қағи­даттарын нығайтуға, азамат­тардың құқықтары мен бос­­­­тандықтарының кепіл­дік­­­терін кеңейтуге, сондай-ақ
мемлекеттің әлеуметтік жауап­­кершілігін күшейтуге бағыт­­­­тал­ғанын жеткізді.

Сенат депутаттары Амангелді Есбай, Ғалиасқар Сарыбаев пен Сұлтан Дүйсем­­бинов Жетісу облысы­ның Текелі қаласында қала тұр­ғын­дары мен «Tasun» ЖШС ұжымымен кездесті. Сондай-ақ Кербұлақ ауданын­дағы зиялы қауым өкіл­дері, әскери бөлімдегі әскери қызметшілері, денсау­лық сақтау саласының қызмет­кер­лері мен «Қара­шоқы» өндірістік коопера­тивінің ұжы­мымен кез­десті. Олар халыққа билік тар­мақ­тары арасында өкілет­тіктерді қайта бөлу, Құрыл­тайдың рөлін күшейтуді көз­дейтін ережелерді түсіндірді.

«Жаңа Конституцияның жобасы еліміздің бұдан бы­лай­ғы даму келбетін ай­қындайтын стратегиялық құ­жат ретінде жалпы­халық­тық талқылауға шыға­рылды. Құжатта мем­лекеттік бас­қа­рудың не­ғұрлым тең­дес­тірілген жүйе­сін қалып­тастыру, билік инс­ти­тут­та­рының жауап­кер­ші­лігін күшейту мен азаматтар құ­қықтарының кепілдіктерін нығайту көзделіп отыр», деді А.Есбай.

Соңғы жаңалықтар

Тотықұс асырағанның ұпайы түгел

Кәсіпкер • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Ертістің ен тоғайына түлкі оралды

Жануарлар • Бүгін, 08:15

Көгерген нан да қажетке жарайды

Таным • Бүгін, 08:10

«Алан туралы аңыз» көрерменге жол тартады

Кино • Бүгін, 08:05

Дәстүрлі аспаптар шеруі

Өнер • Бүгін, 08:00

«Ұзын» ақша, токенизация және бірыңғай нарық – KASE көзқарасы

Қаржы • Кеше

Ораз Жандосов: Либералданбаған нарықтар мен алтынды «айналау» инфляцияны кұшейтіп жібереді

Қаржы • Кеше

Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол жабылды

Ауа райы • Кеше

Түркия билігі Араб елдеріне әуе рейстерін тоқтатты

Әлем • Кеше

Ерлан Қарин Михаил Швыдкоймен кездесті

Саясат • Кеше

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Шиеленіс аймақтарынан 946 отандасымыз шығарылды

Әлем • Кеше

Конституциялық реформа: Ел дамуының жаңа кезеңі

Ата заң • Кеше

Ақмола облысында газ баллондарын тексеру жұмыстары күшейді

Аймақтар • Кеше

Түркия өз әуесінде Ираннан ұшырылған зымыранды жойды

Әлем • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью