Әлеуметтік жауапкершілік танытқан кәсіпкерлер марапатталады

11.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бізге халық алдындағы жауапкершілігін жақсы білетін әрі соны терең түсінетін ұлттық буржуазия керек.

Президент Түркістан газетіне берген сұхбатында осылай деді. Оның айтуынша, кәсіпкерлер қоғамның игілігіне қызмет ету билік жүктеген міндет емес, мәртебелі парыз екенін ұмытпауы керек. Сонымен қатар, Президент отандық бизнес өкілдері тарихымызда бұрын-соңды болмаған алапат тасқын кезінде елдік істен шет қалмай, апат салдарын жоюға қаржылай көмектескенін еске алды. Бұл қуанарлық жағдай. Мен қайырымдылықпен айналысып жүрген азаматтарды қолдау үшін арнайы «Мейірім» орденін енгіздім. Елге жанашырлық көрсетіп, әлеуметтік жауапкершілік танытқан кәсіпкерлер биылдан бастап осы жоғары наградаға ие болады. Осылайша олардың қоғам алдындағы абырой-беделі мен мәртебесі айқындалады, – деді ол.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью