Әлеуметтік желі арқылы халықты алдаған ер адам көрші елден экстрадицияланды

17.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, ер адам 2023–2024 жылдары сыбайластарымен бірге Instagram* арқылы адамдардың сеніміне кіріп, салынған инвестиция сомасынан бірнеше есе көп табыс алуға уәде берген. Осылайша, өз компанияларына ақша салуға үгіттеген.

"Бірақ ақша қаражаттарын алғаннан кейін, оларды қылмыстық топ қатысушыларының арасында бөліп, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Алаяқтардың қылмыстық әрекеттері салдарынан Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі 75 азаматқа жалпы сомасы шамамен 80 млн теңге көлемінде залал келтірілген", - дейді прокурорлар.

Бұған дейін осы қылмыс үшін төрт адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Ал тағы біреуі көрші елге қашып кеткен. Осыдан кейін оған халықаралық іздеуге жарияланды. 2025 жылғы наурызда ол Ресей аумағында ұсталып, Қазақстанның бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі кезде күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айып бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

*Мета (Facebook және Instagram) қызметіне Ресейде экстремистік деп тыйым салынған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью