Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Сурет: qaz365.kz
Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес алауыздықты қоздырғаны үшін жасалған іс-әрекеттің ауырлығына қарай 2 мыңнан 7 мың АЕК дейін айыппұл салынады, не 2 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза көзделген.
Бұған қоса, әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент жариялауға жол берілмейді. Мұндай жазбаларда қылмыстық белгілер болмаса да, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал жалған ақпарат таратқандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер ақпараттың жалған екенін біле тұра, таратқан жағдайда Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық қарастырылған.
Репост жасағандар да жауапсыз қалмай, жазба авторы секілді жауапқа тартылады.
«Бас прокуратура азаматтарды арандатушылыққа ермеуге, тексерілмеген ақпаратты таратпауға, қоғамдық келісім мен азаматтар арасындағы өзара құрметке нұқсан келтіруі мүмкін жарияланымдар мен пікірлерден бас тартуға шақырады. Қазақстан халқының бірлігі, өзара сыйластық пен қоғамдық келісім – еліміздің тұрақтылығының, қауіпсіздігінің және келешектегі дамуының берік негізі. Құқық қорғау органдары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын кез келген құқық бұзудың жолын кесіп, олардың алдын алу үшін заңда көзделген шараларды қабылдайды», делінген Бас прокуратура мәлімдемесінде.
Анель ҚАБИДОЛЛА,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 2-курс студенті