Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Қоғамдық орында ғана емес, интернетте де әдепсіз сөздер айтқан қазақстандықтарға айыппұл салынуы мүмкін. Қазір осындай заңнамалық өзгерістер әзірленіп жатыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде қоғамдық орындарда айтылған балағат сөз үшін 86 500 теңге көлеміде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
“Сонымен бірге бүгінде онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне өзгеріс енгізу туралы заң жобасы әзірленді. Соның аясында онлайн-платформалардағы балағат сөз үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу қарастырылған”, - дейді Бектенов.
Оның айтуынша, Әкімшілік кодексте балағат сөзге қатысты 434-бапқа қосымша тармақ енгізіледі. Заң жобасы осы айда парламенттің қарауына ұсынылады.