Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Қазақстанда алғаш рет әйел жауынгер Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы жасағына қабылданды. Қымбат есімді жауынгердің лақап аты – "Китана". Бұл туралы Ұлттық ұлан хабарлады.
Қымбаттың қабілеті Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысында байқалған. Ол жарыс барысында мергендігімен ерекшеленіп, арнайы жасақ жауынгерлерінің назарын аударған.
Қымбат – қоян-қолтық ұрыстан Қазақстанның алты дүркін чемпионы және джиу-джитсудан үш дүркін әлем чемпионы.
Қазір ол крап беретін алу үшін арнайы сынаққа дайындалып жатыр. Егер сынақтан сәтті өтсе, Ұлттық ұлан тарихында бұл ерекше белгіні алған алғашқы әйел атанады.