Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қазақстанның JASA TEAM командасының мүшелері Омар Асербеков пен Григорий Щукин Альпідегі ең күрделі классикалық бағыттардың бірін бағындырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, олар Берн Альпілеріндегі Эйгер шыңына (3 970 м) Хекмайердің классикалық бағыты арқылы көтерілді. Бұл әлемдік альпинизмдегі ең әйгілі әрі техникалық жағынан күрделі бағыттардың бірі. 1935 жылдан бері мұнда 60-тан астам адам қаза тапқан.
Шыңға көтерілу екі жарым күнге созылды. Команда маусымда алғаш болып жолға шыққандықтан, бұрынғы альпинистердің ізі болмаған, олар жол салып, жартастарды қардан тазартып отырды. Бірінші күні қабырғаның үштен екі бөлігін жүріп өтіп, «Өлім бивуагында» шатырсыз, сақтандыру нүктелеріне байланған күйде түнеп шықты. Екінші күні ең күрделі техникалық жоғарғы бөлікті еңсеріп, шыңға жетті бірден түсуге кірісті. Үшінші күні аман-есен төмен түсті.
Айта кетейік, Эйгер Альпідегі «алты ұлы солтүстік қабырғаның» қатарына кіреді. 2025 жылы Асербеков пен Щукин Пти-Дрю және Гранд-Жорас тауларының солтүстік қабырғаларын да бағындырған болатын. Осылайша олар бір маусымда бағдарламадағы ең күрделі үш қабырғаны еңсерген.
Бағыт толық автономды стильде, яғни гидсіз, шерпасыз және алдын ала дайындықсыз өтті. Сегіз мыңдық шыңға ұйымдастырылатын коммерциялық экспедициялардан айырмашылығы, мұнда маршрут бойына сақтандыру арқандары алдын ала ілінбейді. Команда толықтай өз күшіне сүйенді. Бұл альпинизмнің ең талапшыл бағыттарының бірі саналады.
Эйгер атауы неміс тілінен аударғанда «адам жегіш» деген мағынаны білдіреді. Оның солтүстік қабырғасында 1935 жылдан бері кемінде 64 альпинист қаза тапқан. Осы себепті ол Mordwand – «қатерлі қабырға» деген атауға ие болған. ХХ ғасырдағы баспасөзде бұл бағыт «Өлім қабырғасы» деген атпен кеңінен танылды. Хекмайер бағыты (6А санаты) жартасты және мұзды рельефте жоғары деңгейдегі өрмелеу шеберлігін, шектеулі сақтандыру жағдайында қозғалу тәжірибесін және үлкен физикалық төзімділікті талап етеді. Маршрут бойында тік жартастар, мұз алаңдары және қатқан мұз аралас күрделі учаскелер кезектесіп келеді. Биіктік айырмасы шамамен 1800 метр. Бұл қабырға тас құлауы, қар көшкіні және ауа райының кенет өзгеруімен де қауіпті.
JASA TEAM құрамындағы Асербеков пен Щукиннің жетістігі отандық альпинизмнің жоғары деңгейін көрсетеді. Қазақстан спортшыларының жаңа буыны бұрын еуропалық альпинистер басымдық танытып келген техникалық элиталық альпинизм бағыттарын меңгере бастады.
Соңғы жаңалықтар
Үкімет Ақтау бу-газ қондырғысын салу жөніндегі келісімге қол қоюды мақұлдады
Үкімет • Бүгін, 12:22
Алғаш рет қазақ альпинистері Эйгер тауының солтүстік қабырғасын бағындырды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 11 мыңнан астам бала дүниеге келді
Медицина • Бүгін, 11:40
Ұландықтар Көрісу күні ата-аналарымен тілдесті
Қоғам • Бүгін, 11:33
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65%-ға жетті
Қоғам • Бүгін, 11:17
Таяу Шығыс аймағынан 10 000-нан астам отандасымыз қайтарылды
Оқиға • Бүгін, 11:10
Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
Қоғам • Бүгін, 11:03
Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:59
Ұлытау облысында су тасқыны қаупі бар аудандар тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 10:41
Елімізде жалпыхалықтық Наурызнама онкүндігі басталды
Мереке • Бүгін, 10:28
Қазақстанда жол инфрақұрылымы қарқынды жаңарып жатыр
Қоғам • Бүгін, 10:18
Соңғы 7 жылда еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі екі есе артты
Қоғам • Бүгін, 10:08
Өңделген өнім үлесі артып келеді
Экономика • Бүгін, 10:00
Қазақстан • Бүгін, 09:50
14 наурызда доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:48